Сұлтанов Тәжікстанда қандай келісім жасап жүргенін айтты

26 Маусым 2021, 10:36
9276
Бөлісу:
Сұлтанов Тәжікстанда қандай келісім жасап жүргенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәжікстанның өңірлерін екі күн араладық. Мен өзім және отандық бизнес өкілдерін Тәжікстанның облыстық/қалалық/аудандандық әкімдерімен және фермер-өндірушілерімен таныстырып, бақтарды, жүзім алқаптарын, егістіктерді, жылыжайла, қоймалар мен өнім сақтайтын тоңазытқыштарды қарап шықтық. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов facebook-тегі парақшасында жазды.

Қазір жергілікті фермерлерден қандай өнім өндіретіндігі, өнеркәсіптік егіннің көлемі, экспорттық мүмкіндіктері, сақтау орындарының қол жетімділігі мен сапасы, өнімнің егісте және сақтау кезіндегі бағасы секілді алғашқы ақпаратқа қол жеткіздік. Біздің бизнестің өкілдері тәжік әріптестерімер (бөлшек сауда желілері және ірі трейдерлер) ақпаратты тексеріп, өлшеп, таразы басын теңестіріп, есептеп, саудаласты, - деді ол.

Ол атағандай, екі күн ішінде Қазақстанға 2021 жылғы егіннің жүзімі мен пиязын сынақ түрінде жеткізуге үш форвардтық келісімшарт жасасу мүмкін болды.

Қазіргі кезде келісімшарттардың жалпы құны 1,5 млн. Тамыз-қараша айларында тәжік өнімдері біздің ірі сауда желілеріне тікелей жеткізілінеді. Қазір біздің бизнес өкілдері тек маусымда ғана емес, қыста да, көктемде де көлемді жеткізілімді жүзеге асыруды қарастырып жатыр. Турсунзадев ауданында өткен жылы 40 тоннаға жуық өнім жиналған жүзім қоймаларына барды. Жалпы айтқанда, біз тікелей егіс алаңында келесіп жатырмыз. Мен бірден импорттың барлық сыншыларына жауап бергім келеді. Қазір бізде көкөніс шаруашылығы мен бау-бақша белсенді дамуда. Бірақ тұтыну үшін өндірілетін көлем жеткіліксіз. Сонымен қатар, біз нарықты ерте көктемнен бастап өз егініміз піскенге дейін көкөністермен және жемістермен толтыруды қамтамасыз етуіміз керек - мұны импорт есебінен жасауға болады. Сонымен, біздің жеміс-көкөністеріміз Тәжікстан мен Өзбекстаннан гөрі Ресейге тасымалдаудың "қысқа иығына" ие. Яғни, біз нарығымызға Оңтүстік республикалардың өнімдерін импорттай аламыз, ал біздің фермерлер өз тауарларын шетелге сату арқылы валюталық түсімді ала алады, - деді ол.

Министрдің айтуынша, ең бастысы, халық үшін азық-түлік тауарларының сандық, уақытылы және бағалық қолжетімділігін және біздің өндірушілерге пайдасын қамтамасыз ету.

Тәжік диқандары біздің нарық үшін үлкен көлемде келісімшарт жасауға дайын: жүзім, шабдалы, өрік, алма, қызанақ пен қияр, бұрыш, пияз, лимон, қауын (тізімде картоп та бар, бірақ ерте картопты тасымалдауда картоп қабығының жұқалығы проблемалары бар, бірақ технология да бар; мәселе өнімнің соңғы құны бойынша). Жеткізу тікелей болған кезде, тауар үстіне қосымша ақша қосатын трейдерлердің маржасын алынып тасталып, өнімдер арзан болады.Негізгі мәселе – логистика. Қымбат көліктерде тасымалдаған кезде "бағаны жоғалтпау" үшін, біз бұл мәселенің шешімін табу үшін жұмыс жасауымыз керек. Жұмыс тобына тасымалдаудың барлық нұсқаларын есептеуді тапсырдым. Бұл Орталық Азия-Қазақстанның болашақ тауар өткізу жүйесінің негізгі мәселелерінің бірі. Біз бұл мәселені Тәжік темір жолымен кездесуде де талқыладық. Бізге теміржолмен де, автокөлікпен де тиімді көлік модельдерін (вагон түрлері, мерзімдері және т.б.) табу қажет, - деді Сұлтанов.

Сұлтанов Көтерме - тарату Орталығын салуға ыңғайлы бірнеше орынды қарастырғанын айтты.

Мені өңірлік биліктің осындай аграрлық көтерме-логистикалық орталықтар құру идеясын қолдап қана қоймай, оларға агроконсалтинг қызметтері (әсіресе тұқыммен, тыңайтқышпен және айналым капиталымен көмек көрсету бөлігінде) арқылы өндіріс сапасын ынталандыру және экспортқа арналған партияларды ірілендіру арқылы шағын фермерлердің кооперациясы бөлігінде үміт артатыны қуантты, - деді министр.

Ол атағандай, делегацияда болған қазақстандық трейдингтік компаниялар қазақстандық экспорттық партияларды тәжік өнімімен ірілендіру перспективасын есептей бастады.

Инвесторлар Көтерме - тарату Орталығына арналған учаскелерді түпкілікті анықтағаннан кейін, Хотлон облысының хокимі "орталықты 3 күн мерзімінде рәсімдеуге"уәде берді. Бюрократиялық кедергілердің болмауы-ынтымақтастықты арттырудағы өте маңызды сәт. Агропоездар мен тұрақты келісімшарттарды әзірлей отырып, біз экспортымызды, соның ішінде: жанар-жағармай материалдары минералды, тыңайтқыштар, бидай және өсімдік майын, сонымен қатар, қазақстандық инвестицияларды өсірудеміз, - деді ол.

Министр атағандай, Хотлон облысының хокимі Курбон Хакимзода, мысалы, агрологиялық саладағы ынтымақтастықты дамытумен қатар, байланыстарды тереңдету үшін ҚР-нан технологиялар импортын, оның ішінде өнеркәсіптік пен цифрландыру саласында Бірлескен кәсіпорындар құру басым деп санайды.

Мен тәжік әріптестеріме "Сергек" "ақылды жүйесін" жолдар мен елді мекендердегі жағдайды бақылау, мониторгин және талдау бойынша алдыңғы қатарлы технологиялардың бірі ретінде қарастыруды ұсынды. Облыстың халқы тығыз орналасқанын ескере отырып (ел халқының үштен бірі осында тұрады), бұл қызығушылық тудыруы мүмкін. Тәжікстанда астықты қайта өңдеу және ұнды Ауғанстан мен Пәкістанға төменгі Пяндж арқылы экспорттау үшін бірнеше ұн тарту кешенін салу идеясы бар. Осы нүктелерді жергілікті Арнайы экономикалық аймағы аумағына орналастыру немесе қолда бар қуаттарды жаңғырту нұсқаларын қарастырамыз. Біздің делегацияның бизнесмендері жобаларға көз салуда.Жергілікті билікпен біздің бизнес инвестициялай алатын көптеген салалар талқыланды. Біз осындай сауда-инвестициялық миссиялардың тәжірибесін жалғастыруға келістік. Олар нақты жеміс береді және екі елдің өзара тиімді байланыстарына" жол ашады". Алдағы күндері өзбек аумағында да келіссөздер жүргізетін боламыз, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы