Сұлтанов Маминнен бағаны тұрақтандыру бойынша министрлік пен әкімдіктерге тапсырма беруді сұрады

10 Маусым 2021, 10:49
4331
Бөлісу:
Сұлтанов Маминнен бағаны тұрақтандыру бойынша министрлік пен әкімдіктерге тапсырма беруді сұрады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Премьер-министрден бағаны тұрақтандыру бойынша министрліктер мен әкімдіктерге тапсырма беруді сұрады.

Қазіргі уақытта мемлекеттік органдар бағаны тұрақтандыру бойынша Жол картасының іс-шараларын іске асыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бүгінгі күні 12 іс-шара орындалмаған, оның ішінде Ауыл шаруашылығы министрлігі 9 іс-шараны орындамаған, 2 шараны Сауда және интеграция министрлігі, 1 іс-шараны жергілікті атқарушы органдар, - дейді ол.

Осыған байланысты министр Асқар Маминнен Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктерге тапсырма беруін сұрады.

Ауыл шаруашылығы министрлігіне. Біріншіден, шұғыл түрде ай сайын өзектендіре отырып, азық-түлік тауарларының өндірісі, импорты, экспорты, қолда бар қорлар мен тұтыну теңгерімінің болжамын әзірлеу, бұл бағаның өсуіне ықпал ету факторларына уақытылы талдау жүргізуге мүмкіндік береді, - деп айтап өтті Сұлтанов.

Екіншіден, субсидиялар алған кезде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыруға бағытталған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне нақты қарсы міндеттемелерін енгізуді жеделдету қажет.

Сондай-ақ ол әкімдіктерге мынадай тапсырма беру қажет екенін айтты.

Біріншіден, форвардтық сатып алуды қаржыландыруды 10 млрд теңгеге дейін және «айналым схемасын» қаржыландыруды 50 млрд теңгеге дейін жеткізу. Сіздің бірінші орынбасарыңыз бұл тапсырманы бірнеше рет облыстарға жеткізді. Дегенмен бұл жұмыс әлі бітпеген, - деп түсіндірді Сауда министрі.

Екіншіден, сауда субъектілерінің бағаларды тұрақтандыру жөніндегі меморандумдарда көзделген міндеттемелерінің орындалуын қатаң бақылауға алу.



Өзгелердің жаңалығы