Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қытайға ет экспортының артуы туралы алаңдаушылыққа жауап берді.
Әлеуметтік желілерде азаматтар сіз басқаратын министрліктің Қазақстаннан Қытайға ет жеткізуді ұлғайтуға ниетті екендігіне наразы. Азаматтардың пікірінше, алдымен етті ішкі нарықта сату мәселесін шешу керек. Өйткені осы күні елде ет қымбаттады, кейбір аймақтарда тіпші тапшылық бар. Мысалы, Атырау облысыда жағдай сондай, - деп журналистердің бірі министрге сауал қойды.
Сұлтанов Қазақстан халықты етпен толық қамтамасыз етіп отыр деп жауап берді.
Егер экспорт туралы айтатын болсақ, кез-келген өнім үшін алдымен ішкі тұтынуды қамтамасыз ету керек. Содан кейін экспортқа жөнелтуге болады. Экономикалық саясат осылай құрылады. Етпен өзімізді толықтай қамтамасыз ете алып отырмыз. Ішкі нарықта ет тапшылығы жоқ, - дейді министр.
Оның айтуынша, экспортқа етті өндеп барып, жөнелткен дұрыс деп отыр.
Біз ет экспортына, оның ішінде өңдеп жіберуге баса мән беруіміз керек. Мысалмен келтіріп айтсам: біз 7-ден 13 келіге дейінгі бидайды бір долларға сатуымыз мүмкін. Ал олар бір келі бидайды өңделсе, ары қарай 2-2,5 долларға (1070 - 2140 теңге) сатылуы ықтимал, - деді Бақыт Сұлтанов.