Сұлтанхан Аққұлұлы: Қостанайда Сейдәзім Қадырбайдың атымен аталатын бір көшеде жоқ

27 Мамыр 2023, 19:17
2216
Бөлісу:
Сұлтанхан Аққұлұлы: Қостанайда Сейдәзім Қадырбайдың атымен аталатын бір көшеде жоқ
PHOTO
Фото: автордан

Қостанайда Алаш ардақтысы, қазақтан шыққан тұңғыш заңгер ғалым, «Алаш» ұлт әскерін құрушылардың бірі Сейдәзім Құлмағамбетұлы Қадырбайдың арналған «Алаш ардақтысы Сейдәзім Қадырбай: тұлғасы, мұрасы, қайраткерлігі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды BAQ,KZ сол өңірдегі тілшісі.

Аталмыш игі шараның Тобыл төрінде өтуіне тікелей ұйытқы болған Ә.Бөкейхан Алаш ғылыми-зерттеу институты мен Qyr balasy қоғамдық қорына және А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің бір топ ғалымдары болып отыр.

Сұлтанхан Аққұлұлы: Қостанайда Сейдәзім Қадырбайдың атымен аталатын бір көшеде жоқ

Алқалы жиынға жергілікті профессорлар мен зерттеушілерден бөлек, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстаннан келген алаштанушы, тарихшы, заңгер ғалымдар мен студенттер де атсалысты.

Конференцияда тың да мазмұнды баяндамалар жасалды, құттықтаулар айтылып, жаңа кітаптардың таныстырылымы өтті. Жиын соңында қарар қабылданды.

Сейдәзім Қадырбайдың ардақты есімінің ақталғанына алпысқа жуық жыл болса да, есімі ескерусіз, аталмай келе жатқан Алаштың айбоз азаматының бірі, бірегейі еді! Осы мақсатты жүзеге асырған Qyr balasy қоғамдық қоры мен Әлихан Бөкейхан Алаш ғылыми зерттеу институтының қыз-жігіттеріне, А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің ұжымына алғыс айтамыз.

Алла жар, Алаш разы болсын. Сейдәзім атамыздың да аруағы шат болып, оның рухымен, өнегесімен өсіп-жетілетін жас ұрпағымыз көп болғай!

Қостанай қаласында өткен «Алаш ардақтысы Сейдәзім Қадырбай: тұлғасы, мұрасы, қайраткерлігі» атты халықаралық конференция аясында жаңа кітаптар мен деректі фильм таныстырылып, көпшілік назарына ұсынылды.

Олар Сейдәзім Қадырбайдың төрт жүз елу бес беттен тұратын «Ақы заңы» деп аталатын шығармалар жинағы. Алаш заңгері. Бас форматындағы балалар кітабы. Авторы. Е. Тоқтарбай. Kardeş kalemler журналының С. Қадырбайға қатысты арнайы саны. «Ұлт рухының алдаспаны» атты деректі фильмі. Сценарий авторы: Ә. Байбол, режиссері: Ұ. Сәйдірахманұлы.

Осылайша ғылыми айналымға енген, балалар контентінің қатарын толықтыратын жаңа кітаптар, деректі фильмдер құтты болсын! ,- дейді осы конференцияны ұйымдастырушы Qyr balasy қоғамдық қорының құрылтайшысы, алаштанушы, PhD докторанты Заңғар Кәрімхан.

Сұлтанхан Аққұлұлы: Қостанайда Сейдәзім Қадырбайдың атымен аталатын бір көшеде жоқ

Сондайақ, Сейдәзім Қадырбай тұлғасына арналған ғылыми конференция барысында алаштану ғылымында ұзақ жылдар бойы тер төгіп жүрген елміздің белгіліғалымдары мен алыстан ат терлетіп келген шетелдік қонақтарға «Сейдәзім Қадырбай» атындағы естелік медалідар табыс етілді.

Сұлтанхан Аққұлұлы: Қостанайда Сейдәзім Қадырбайдың атымен аталатын бір көшеде жоқ

Медальдің жобасын жасаған елге белгілі суретші, дизайнер Алмас Сырғабай екенін айта кеткен жөн.

 Жиырмасыншы ғасырдың бас қазақ үшін қасіретке толы кезең болды. Сол кезде елім деп Алаш арыстары шықпағанда біздің еліміз жойылып кетер еді. Өкініштісі сол бұл күнде бұрмаланған тарихымыздың салдарынан елім деп жанын оққа байлаған азамттарымыздың біразы ұмыт қалып отыр. Солардың бірі осы өздеріңіздің жерлестеріңіз, Әлейхан Бөйкейханның сенімді сергігі болған, қазақтың тұңғыш заңгері Сейдәзім Қадырбай еді. Артында қалған ұрпақтары мен Ә.Бөкейхан Алаш ғылыми-зерттеу институты мен Qyr balasy қоғамдық қорының жалынды да жігерлі жас зертеушілерінің арқасында оның рухы елімен қайта қауышып жатыр.Осы орайда, өзекті өртейтін бір өкініш бар. Ол Алаш арыстарының бірі Сейдәзім Қадырбайдың атымен аталатын бірде - бір мекеме, көше, не ескерткіші жоқ. Бұл облыс тізгінін ұстап отырған башыларға үлкен сын,- дейді «Алаш» рухани даму институтының директоры Сұлтанхан Аққұлұлы.

Конференция аяқталысымен Медеу мейрамханасында Сейдәзім Қадырбай аруағына арнап ұрпақтарының ұйымдастырумен құран хатым түсіріліп, Ас берілді.

Сұлтанхан Аққұлұлы: Қостанайда Сейдәзім Қадырбайдың атымен аталатын бір көшеде жоқ

Қостанай жерінде өткен ауқымды шараның басы-қасында жүріп, Алашқа тік тұрып қызмет еткен атамыздың Сейдәзім бауыры Сейдахметтің шөбересі Қайрат Серікұлы еңбегін ерекше атап өткен жөн.

Өзгелердің жаңалығы