Сұлтан Сәрсемәлиевтің бұрынғы жұбайына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Тергеу барысында оның аса ауыр қылмысты жасыруға қатысы бар екенін дәлелдейтін жеткілікті айғақтар анықталмаған.

9 Шілде 2026, 12:55
АВТОР
 ІІМ баспасөз қызметі 9 Шілде 2026, 12:55
9 Шілде 2026, 12:55
511
Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Атырау облысының прокуратурасы Сұлтан Сәрсемәлиевтің бұрынғы жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты қабылданған процессуалдық шешімге түсінік берді.

Прокуратура мәліметінше, Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылған. Тергеу барысында оның аса ауыр қылмысты жасыруға қатысы бар екенін дәлелдейтін жеткілікті айғақтар анықталмаған. Осыған байланысты оған тағылған айып қылмыс құрамының болмауына байланысты алынып тасталды.

Сондай-ақ қылмысты жасыру дерегі бойынша жүргізілген жеке іс жүргізу де тоқтатылған.

Еске салайық, қоғамда үлкен резонанс тудырған бұл іс бойынша негізгі айыпталушы – Сұлтан Сәрсемәлиев. Ол бұрынғы жұбайының төрт туысын өлтірді деген күдікпен сот алдында жауап беріп жатыр. Тергеу материалдарына сәйкес, оған екі және одан да көп адамды өлтіру, ұрлық, алаяқтық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша айып тағылған.

Бұған дейін сот процесі барысында Ақбаян Мұқанғалиеваның психологиялық-психиатриялық кешенді сараптамадан өткені белгілі болған еді. Ал енді прокуратура оның әрекеттерінен қылмыс құрамы анықталмағанын ресми мәлімдеп отыр.

Наверх