Қазақстан суицид көрсеткіші бойынша бірінші орынға шықты

16 Шілде 2019, 13:33
2829
Бөлісу:
Қазақстан суицид көрсеткіші бойынша бірінші орынға шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Душанбедегі мәдени мұра және гуманитарлық ғылымдар жөніндегі Орталық Азия университетінде өзіне қол жұмсау бойынша 30 жылға созылған зерттеу нәтижесі жарияланды. Бұл туралы Служба новостей Центральной Азии сайтында хабарланды.

Америкалық Хьюстон-Даунтаун университетінің оқытушысы Шахназ Савани аталған оқу орнында "Орталық Азиядағы суицид: қауіп пен қорғау факторларын жүйелі зерттеу" тақырыбында лекция оқыды.

Баяндамада атап өтілгендей, әлемде жылына 1,5 млн адам өзіне қол жұмсап, өмірімен қоштасады. Суицидтің 76%-ы табысы орта және төмен елдерде жасалса, 60%-ы Азия елдерінде орын алады.

"Орталық Азияның өзге елдерімен салыстырғанда, Қазақстанда өзіне қол жұмсайтындар саны көп - 48,1%-ды құрайды. Бұл көрсеткіш Түрікменстанда 15,8%, Өзбекстанда 13,6%, Қырғызстанда 13,4%-ға жеткен. Тәжікстанда суицид жасайтындар көрсеткіші біршама төменірек болғанымен, ол елде де суицид саны - 7,2%-ға жетіп, азаймай тұр ", - деп атап өтті ол.

Шахназ Саванидің пікірінше, аймақта халықтың көбі ислам дінін ұстанатынына қарамастан, жанын қию көрсеткіші төмендеген емес.

Өзгелердің жаңалығы