Суға шомылуда 70 жылжымалы авариялық-құтқару бекеті құрылады

29 Мамыр 2024, 12:31
353
Бөлісу:
Суға шомылуда 70 жылжымалы авариялық-құтқару бекеті құрылады
Фото: BAQ.KZ -архив

Елімізде шуға шомылу маусымы 1 маусым күні басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Суға түсу маусымында су қоймаларының күзеті жоқ учаскелерінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Төтенше жағдайлар министрлігі қосымша 70 жылжымалы маусымдық авариялық-құтқару бекетін құруды жоспарлап отыр.

Әкімдіктермен және су маңындағы демалыс орындарының иелерімен бірлесіп, Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел-құтқару жасақтарында дайындықтан өткен қоғамдық құтқарушылар есебінен 200-ден астам орында авариялық-құтқару бекеттері құрылады. Суға бату салдарынан болған өлім-жітімнің 97 %-ы рұқсат етілмеген және жабдықталмаған орындарда болады. Осыған орай, тағы да тұрғындарға айтарым, сіздің және жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін рұқсат етілген, қауіпсіз су айдындарында демалуға шақырамыз,-деді ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Алексей Советов.

Елімізде 1 маусымда суға шомылу маусымы басталатыны туралы осыған дейін жаздық. Суға шомылу маусымына дайындық қалай жүргізілетіні туралы Азаматтық қорғаныс мамандары айтты.

Өзгелердің жаңалығы