Суға секіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты: спортшылардың нәтижесі

28 тамызда Александр Подлесный бір метрлік тұғырдан суға секіру сайысында сынға түседі.

 ҚР ҰОК 26 Тамыз 2026, 23:29
26 Тамыз 2026, 23:29
101
Фото: ҚР ҰОК
Хорватияның Риека қаласында суға секіруден жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Илларион Авченко және Эмиль Касимов әлем біріншілігі аясында бір метрлік тұғырдан суға секіру сайысының (U18) іріктеу кезеңінде бақ сынады. 

Нәтижесінде Илларион 357.25 ұпаймен 30-орын алса, Эмиль 338.00 ұпаймен 34-орынға тұрақтады. Осылайша отандастарымыз іріктеу кезеңінен өте алмады.

Сондай-ақ Александр Подлесный үш метрлік тұғырдан суға секіру сайысының (U15) іріктеу кезеңінде өнер көрсетті. Дегенмен 345.45 ұпаймен 22-орынға тұрақтап, іріктеуден өте алмады.

ҚР ҰОК мәліметінше, 28 тамызда Александр Подлесный бір метрлік тұғырдан суға секіру сайысында сынға түседі. 

Наверх