"Суға өздері кірді". Вице-министр Аягөз ауданында трактормен суға батқандар туралы айтты

2 Сәуір 2024, 14:41
1217
Бөлісу:
"Суға өздері кірді". Вице-министр Аягөз ауданында трактормен суға батқандар туралы айтты
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов Аягөз ауданында суға кеткен екі адамға қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еске сала кетсек, Абай облысының Аягөз ауданында трактормен өзеннен өтіп, жолды қысқартпақшы болған екі адам суға кеткен еді.

БАҚ өкілі вице-министрден "Осындай жағдайда 10 сағат бойы бара алмауларыңыздың себебі неде?" деп сұрақ қойды.

Трактордағы екі адамның жоғалуы негізінен су тасқынына байланысты емес. Осыны дұрыс түсінуіміз керек. Олар жолды қысқарту үшін тасып жатқан өзенге өздері кіріп отыр. Трактормен суға кірген. Неге бара алмағанымызға келетін болсақ, 10 сағат деген енді артық айтылған шығар. 10 сағат өткен жоқ. Көп жерде өрт болып жатқан кезде азаматтарымыз "өрт сөндіру бөлімі өте ұзақ келе жатыр" деп айтады. Алайда мұндай кезде санаулы минуттар мен секундтар өтіп жатады. Бұл жерде де тура осындай. Ол жерге ұзақ жетуіміздің себебі – бүкіл өзендердің бойы мен сулардың көздерінде құтқарушыларымыз дайын болған жоқ. Оған жетуге уақыт керек. Сондықтан оған ең жақын жерде тұрған құтқарушыларымызды жібердік. Тік ұшақтармен де жағдай осындай, - деп министрдің орынбасары.

Сыздықов абай болуға шақырды.

Тасып жатқан су болатын болса, азаматтарымыз ол суға кірмеуі керек. Оның күресі сонда. Ең бірінші адам өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек, - деді вице-министр.

Осыған дейін вице-министр жаңа үйлер қауіпсіз жерге салынатыны туралы айтты. Ал Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев су алған жерлерде құрылыс қалай жүретіні туралы айтты.

Өзгелердің жаңалығы