Суға батқан баланы құтқарған әскери қызметкер марапатталды

2 Қыркүйек 2019, 19:28
3598
Бөлісу:
Суға батқан баланы құтқарған әскери қызметкер марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 25 тамыз күні Үлбі өзені жағалауында суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалған 27943 әскери бөлімі 1 мотоатқыштар батальон командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары капитан Әлішер Табылдиев марапатталды, деп хабарлады altaynews.kz.

«Сіздің ерлігіңіз ешқашан ұмытылмайды! Суға батып бара жатқан баланы көріп, ойланбастан тез арада шешім қабылдап, батыл әрекет жасадыңыз! Сіздей офицер, әрі тәрбиеші біздің әскери бөлімде қызмет еткені біз үшін үлкен мақтаныш! Өміріңізді абыройлы қызметке арнай отырып, мемлекетіміздің мүддесіне бүтіндей берілген нағыз маман, тәжірибелі, беделді, әрі талапшыл командир ретінде танылдыңыз!» - деді Өскемен гарнизонының бастығы подполковник Бегімбет Тажибаев.

r.jpg

Осы іс-шарада "Қарулы Күштер ардагерлері" Республикалық қоғамдық бірлестігінің ШҚО бойынша филиалының Төрағасы, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Құрметті ардагері Төкен Жүнісұлы Біләлов ақсақал жеке құрам алдында осындай ерлігі үшін «Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың 95 жылдық мерейтой» медалімен марапаттады.

Айта кетейік, капитан Әлішер Табылдиев 2019 жыл 26 тамыз күні қала әкімі Жақсылық Омар мырзаның қабылдауында болып, Өскемен қаласы әкімінің қолынан Алғыс хат пен ескеркіш сый-сияпат алған болатын.


Өзгелердің жаңалығы