Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Суэц каналындағы қозғалыстың 6 күнге бұғатталуына Ever Given кемесінің капитаны кінәлі. Осы іске қатысты жүргізілген тергеу ісінің қорытындысы осындай, деп хабарлайды 24.kz.
Бұл оқиға наурыздың соңында болған. Ұзындығы 400 метрлік Ever Given алып контейнер тасымалдаушы кеме каналда қайраңға тұрып қалып, судағы қозғалыс шамамен бір аптаға тоқтаған еді. Салдарынан 400-ден аса кемеден құралған ұзын-сонар кезек пайда болды. Тергеудің алдын ала қорытындысы бойынша оқыс оқиғаға адами фактор себеп болуы мүмкін. Алғашында Суэц каналының әкімшілігі Ever Given кемесіне иелік ететін компаниядан 916 миллион доллар айыппұл талап етті.
Алайда соңғы деректерге сенсек, оның өтемақы көлемін 40 пайызға төмендетуге келіскен. Бірақ екінші тарап бұл ұсынысқа әзірге жауап берген жоқ.
Алайда соңғы деректерге сенсек, оның өтемақы көлемін 40 пайызға төмендетуге келіскен. Бірақ екінші тарап бұл ұсынысқа әзірге жауап берген жоқ.