Судың тарифін көтеру керек пе?

<p>Қоғамда судың тарифін көтеру керек деген сынды пікірлер айтылып жүр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.</p>

 23 Қаңтар 2023 2023, 12:53
23 Қаңтар 2023 2023, 12:53
1353

Қоғамда судың тарифін көтеру керек деген сынды пікірлер айтылып жүр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Осыған қатысты «Қазсушар» РМК бас директорының орынбасары Ербол Салихбаев өз ұстанымын айтты.

Республикалық меншікте 3 440 канал жүйесі бар. Шаруаларға су жеткізіп беру - «Қазсушардың» негізгі міндеттерінің бірі. Қазіргі таңда осы жүйелердің көп бөлігі коммуналдық меншікте болды. Енді оны пайдалануға алып отырмыз. Бірақ нысандардың көп бөлігі қазіргі тарифке кірмей қалған. Яғни оны күтіп-баптауға қаржы қарастырылмаған. Осыған байланысты тиісті мемлекеттік органға ұсынысымызды беріп жатырмыз, - деп айтты Ербол Салихбаев брифингте.

Сөзінше, ұсынысты биыл береді. Ал 2024 жылы ол тарифке енеді.

Бұған дейін су саласының сарапшысы мамандардың жалақысын көбейту мәселесін де қозғаған болатын. 

Наверх