Судья мен департамент қызметкеріне қатысты тергеу жүріп жатыр

24 Наурыз 2023, 15:23
1215
Бөлісу:
Судья мен департамент қызметкеріне қатысты тергеу жүріп жатыр
Фото: freepik

Антикор Алматы облысының судьясы мен Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкеріне қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мамандандырылған ауданаралық экономикалық облыстық соттың судьясына және Алматы облысы Мемлекеттік кірістер департаменті бөлімшесінің қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. 

Судья мемлекет алдында салық берешегі бар 2 кәсіпорынды банкрот деп тану туралы азаматтық істер бойынша шешім шығарғаны үшін салық органы қызметкерінің делдалдығымен пара алды деп күдіктенеді.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77 - бабы 3-тармағының 1 тармақшасына және Қылмыстық-процесстік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінә соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі.

Өзгелердің жаңалығы