Суданда тырысқақтан көп адам көз жұмды. Ауруды жұқтырғандар саны 24 мыңнан асқан, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Соңғы мәліметтерді елдің денсаулық министрлігі бөлісті. Індет Судандағы 18 штаттың 11-де таралған. Жалпы тырысқақтың ушыққанына 18 айдан асты. Африкалық елде дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдық жетіспейді.
ЮНИСЕФ тырысқақ жұқтырғандар саны 3 миллион адамға жетеді деп қауіптеніп отыр. Оның үстіне бұл елде үкімет әскері билікке қарсы бас көтерген бүлікші топтармен соғысып жатыр. Қақтығыс салдарынан медицина мекемелірінң 70%-і жұмыс істемей тұр.
Індетке байланысты елдегі жағдай өте жаман. Осы жерде 3 жуынатын жерді 300-ден астам пайдаланып жүр. Ауру таралмағанда қайтеді, - деді босқын Имад әл-Дин Маки.