Суданда әскери төңкеріс болып жатыр

11 Сәуір 2019, 16:22
3168
Бөлісу:
Суданда әскери төңкеріс болып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ливанның al-Mayadeen телеарнасының хабарлауынша, Судан армиясы бейсенбі күні шұғыл жиналыс өткізіп, ел президенті Омар аль-Баширді орнынан қуып, үкіметті отставкаға жіберу туралы шешім шығарған. Бұл туралы РИА Новости порталы жазады.

Армия жаңа әскери кеңес құруы мүмкін. Ол елдегі жаңа биліктің ауысуы кезінде елдегі басшылық қызметті атқарады. 

«Судан армиясы Омар аль-Баширдің, оның орынбасарлары мен көмекшілерінің қолынан бар билігін тартып алу және үкіметті отставкаға жіберу тарлы шешім қабылдады», - деп хабарлады телеарна.

Сонымен қатар, БАҚ хабарлауынша, Хартумда (ел астанасы) президент аль-Баширдің қатысуынсыз әскери кеңес бас штабының шұғыл отырысы өткен. 

Сондай-ақ, әскерилер елдегі телеарналарды бақылауда ұстап отыр. Қазіргі уақытта телеарналарды әскери марштар көрсетіліп жатыр және жақын уақытта армия «маңызды мәлімдеме» жасайды.

Журналистердің хабарлауынша, Суданның қорғаныс экс-министрі Абдуррахим Хусейннің, президент Омар аль-Баширдің жеке гвардиясы мүшелерінің, «Ұлттық конгресс» билік партиясы төрағасы Ахмад Харунның, сонымен қатар аль-Баширдің экс-орынбасары Али Усман Тахтың қамауға алынған.

Судан әскерилері елдегі мемлекеттік телерадиокомпаниялардың ғимаратына кіретін жолды жауып тастады.  Судан халықаралық әуежайы да жабылды. Reuters агенттігінің хабарлауынша, елде билікті беру процесі туралы кеңестер жүріп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы