Судағы қауіпсіздік ережелерін бұзғандар жауапкершілікке тартылды

10 Тамыз 2023, 17:13
897
Бөлісу:
Судағы қауіпсіздік ережелерін бұзғандар жауапкершілікке тартылды

Алматы облысында судағы қауіпсіздік ережелерін бұзған бес азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Алматы облысында 2002 жылы туған қыз суға түсу үшін белгіленбеген жерде түнде шомылу кезінде суға батып кетті.

Оқиға Қапшағай су қоймасында орын алды. Бір топ жастар «Пионер» демалыс аймағының маңындағы суға түсуге арналмаған су айдынының маңында демалған.

Жастар алкогольдік мас күйінде суға түскен. Өз күшін асыра бағалап бойжеткен тереңге дейін жүзіп, суға батып кетті.

Бұл оқиға су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан болуы мүмкін. Қауіпсіздік ережелерін бұзған 5 азамат «Әкімшілік жауапкершілік туралы» ҚР Кодексінің 412-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертулер мен тыйым салу белгілері бар ескерту тақталары ілінген жерлерде суға түсуге, сондай-ақ жүзуге жабдықталмаған, бейтаныс жерлерде суға түсуге қатаң тыйым салынатынын ескертеді, - деп хабарлады Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы