Судья да жоқ, төраға да жоқ. Қасымов аудандық соттардың мәселесін көтерді

9 Желтоқсан 2021, 09:36
2395
Бөлісу:
Судья да жоқ, төраға да жоқ. Қасымов аудандық соттардың мәселесін көтерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сенат отырысында «Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» заңның жобасын талқылау барысында Жоғарғы Соттың судьясы Ақылтай Қасымов айтты.

Біздің елімізде шалғай жатқан 59 аудандық сот бар. Сол аудандық соттарға біздің кандидаттардың барғысы жоқ. Алматы облысының екі-үш ауданында төрт жыл болды конкурс жарияланады, судья да жоқ, төраға да жоқ. Қандай жолмен бұл мәселені шешу керек? Аудандық соттардың жағдайын шешу керек. Бірақ ол сот құзырында емес. Бұл жалпы әлеуметтік мәселеге байланысты. Біз аудандық сотты жаба алмаймыз. Осы мәселені шешу үшін біз әртүрлі бағытты қарастырдық. Осы заң арқылы аудандық сотқа судьялар барады. 5 жыл онда қызмет атқарып, басқа аудан мен облыс орталықтарына өз кандидатын ұсынуға құқылы болады, - деді Ақылтай Қасымов.

Ол атағандай, ең төмен білімі бар судьялар конкурсқа қатыса алмайды.

Бүгінде ауданға баратын ешкім жоқ. Аудандық істерді басқа ауданға жіберіп, судьяларды 5-6 айға жіберуге мәжбүр болып отырмыз. Елімізде шағын құрамды аз соттар да бар. Көп болса бір-екі судья болады. Сондықтан біз бұл мәселені осы заң арқылы шешпекпіз. Қолдауларыңызды сұраймыз, - деді Ақылтай Қасымов.

Сенатта «Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» заңның жобасы талқыланып жатыр.
Өзгелердің жаңалығы