Субұрқақтар қашан іске қосылады?

7 Маусым 2023, 18:24
1080
Бөлісу:
Субұрқақтар қашан іске қосылады?
Фото: BAQ.KZ Архив

Ақтау қаласындағы кейбір субұрқақтарының бір тамшы суы жоқ. Кеуіп тұр. Аты барда заты жоқ. Арасында тұрақты жұмыс жасап тұрғаны саусақпен санарлық. Жаз басталысымен салқын лебін саялап отыратын субұрқақтарының екеуі ғана қала әкімдігінің меншігінде. Ал қалғаны жекеменшік кәсіп иелеріне тиесілі, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Оны күтіп ұстау да солардың жауапкершілігінде. 4 және 26 шағын аудандағы субұрқақтар маусым айында іске қосылуы тиіс еді. Алайда, қазір екеуінде де су атымен жоқ. Ақтау қалалық ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Бақтияр Мақсатов бұл жағдайды фонтандарға жөндеу жұмыстары жасалып жатқанымен байланыстырды.

Қала аумағында әкімдік теңгерімінде 2 субұрқағы бар. Біреуі әкімдік алдында 4 шағын ауданда. Екіншісі 26 шағын ауданда орталық мешіт жанында орналасқан. Қазіргі таңда субұрқақтарының монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы аптаның соңына дейін іске қосу жоспарда бар. Негізінде 1 маусымнан бастап жұмыс жасау керек еді. Бірақ, кейбір элементтерінің істен шыққанына байланысты қазір жөндеу жұмыстары жүріп жатыр» - дейді ол.

Жаз айларында тұрғындарды саябақтан жиі көреміз. Олар шаһарда субұрқақтарының көбеюін қалайды. Тұрғындар субұрқақтар құрғамай, уақытылы іске қосылса, қала сәнін келтіретінін айтады.

Фонтандар үнемі тынбай ағып тұрса, қаламыздың көркі. Ақтау қаласында санаулы ғана субұрқақ бар. Сол үшін фонтанды көбейтсе. Мысалы, басқа қалаларға барсақ қаланың іштерінде су ағып жатады. Соларға қызығып қараймыз,- дейді  қала тұрғыны Дина Үсенбаева.

Фонтан дейтін әрқашан қаланың сәні. Петербург фонтанымен дүниежүзіне әйгілі. Италияның қалалары да сондай. Сондықтан фонтан дейтін жаз мезгілінде уақытты өткізуге, демалуға, отыруға өте таптырмайтын зат. Енді осыны уақытында жіберіп, іске қосу тиісті басқаратын азаматтардың міндеттері» - дейді Сатыбалды Нұрлыбекұлы.

Облыс орталығындағы субұрқақтардың саны 10-ға да жетпейді. Ал жауаптылар қала ішіне биыл жаңасын орнату жоспарланбағанын айтып отыр.

Өзгелердің жаңалығы