Субсидия әзірлеу тәртібі түсінікті әрі ашық болуы тиіс – Қасым-Жомарт Тоқаев

1 Қыркүйек 2021, 11:57
4132
Бөлісу:
Субсидия әзірлеу тәртібі түсінікті әрі ашық болуы тиіс – Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мәлім етті.

 Мемлекеттің жалпы өнімі осы салаға тікелей байланысты. Алдағы уақытта бұл салаға баса назар аударылады.

Мал басының амандығы және өнімділігі жергілікті ветенариялардың тиімді жұмысына байланысты. Бұл, түптеп келгенде, ауылдағы ағайынның әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Ветеринария қызметі қазіргі заман талабына сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес. Сондықтан осы салада жүйелі жұмыс атқарылуы тиіс. Атап айқанда, үдерістерді цифрландыру, мәлімет жинау, оны автоматтандыру мен мамандандыру бойынша олардың жалақысын көбейту үшін Үкімет жыл соңына дейін нақты реформа қабылдауы қажет, - деді ол.

Сонымен қатар Президент аграрлық саланың сыбайлас жемқорлықтан арылмай отырғанын мәлімдеді.

Біздің аграрлық саясатымызда сабақтастық болмай отыр. Министр ауысса, оның саясаты да өзгереді. Мұндай жағдайда шаруаларға жұмысты жоспарлау қиынға түседі. Бірыңғай негізгі бағыт болуы қажет. Соған сәйкес субсидиялау мәселесін қайта қарау керек. Соңғы бес жылдың өзінде субсидиялауға 2 трлн теңгеден астам қаржы бөлінді. Өкінішке қарай, агроөнеркәсіп кешеніне қатысты қозғалған қылмыстық істердің көбі осы салада болып отыр. Бұған жол беруге болмайды. Нормативтік негізін нығайтып, жоспарды нақты құруымыз керек. Субсидияны әзірлеу тәртібі түсінікті әрі ашық болуы тиіс. Шағын және орта шаруашылықтар үшін субсидия қолжетімді болуы қажет, - деді Мемлекет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы