Су тасқынынан 111 194 адам эвакуацияланды

15 Сәуір 2024, 10:16
197
Бөлісу:
Су тасқынынан 111 194  адам эвакуацияланды
Фото: ОКҚ

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, 39 222 бала құтқарылған. Уақытша орналастыру пунктеріне 6814 адам, 2995 бала орналасқан. Ал, 11 950 адам өз үйлеріне оралған.

9, 5 млн текше метр еріген қар суы сорылып шығарылды. 2 млн 200 мың қапшық, 1,2 млн тонна инертті материал төселді. Бүгінгі таңда авариялық құтқару жұмыстарында 33 334 адам, 4066 бірлік техника, оның ішінде 835 су сору құралы, 275 жүзу құралы, 11 әуе-кемесі жұмыс істеп жатыр, - деді Ерасыл Сайпаш.

Айта кетейік, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5411 жеке тұрғын үй, 1607 аула аумағы , 2035 саяжай үйлері су астында қалған. 3503 тұрғын үй мен 2157 аула аумағынан су сорылған.

Өзгелердің жаңалығы