Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражановтың айтуынша, бұл халық пен атқарушы органдардың бірлесіп атқарған жұмыстарының нәтижесі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабының баспасөз қызметі мәлім етті.
Тасқын су кезінде онға жуық ықшамаудан зардап шекті. Дегенмен, Жадырасын 2, Оңтүстік Аэропорт, Солтүстік аэропорт, Кең Жылыой, Береке, Мұрагер, Барлаушы ықшамауданы, 1,3,7,8,9 ауыл, СМП 224, 615, 137, Мұрагер, 1, 2, 2 А, 3, 4, 4А, 5, 5 А ықшамаудандарын тасқыннан аман сақтап қала алдық. Бұл жерде тұрғындардың бірлігі, және алдын ала атқарылған жап көтеру жұмыстары, қажетті техникалардың, мамандардың бөлінуі өз нәтижесін берді. Тасқын кезінде ықшамаудандарды сақтап қалуға үлес қосқан барша жылыойлықтарға алғыс айтамын, - деді Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов.