Су тасқыны. Жылыой тұрғындары әкімдік алдына не себепті жиналғаны белгілі болды

15 Мамыр 2024, 13:01
417
Бөлісу:
Су тасқыны. Жылыой тұрғындары әкімдік алдына не себепті жиналғаны белгілі болды
Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы Жылыой ауданы әкімдігі ғимаратының алдында тұрғындардың жиналуы туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазір ғимараттың алдында тасқыннан үйі зардап шеккен Құлсары қаласының тұрғындары өтемеақы төлеу мәселесі бойынша жиналып жатыр.

Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов жиналғандарға өтемақы төлеу, жаңа тұрғын үй беру туралы ақпарат беруде. Жылыой ауданында су басқан 2 920 үйдің 2 906-сы судан тазартылды. Бүгінгі таңда 2 667 тұрғын үй техникалық зерттеуден өтті, 2 622 тұрғын үйге бағалау жүргізілді. Барлығы 3000-ға жуық өтініш түсті. Су тасқынынан зардап шеккен 3904 тұрғынға 100% біржолғы төлем аударылды, - делінген таратылған ақпаратта.

Сонымен қатар, мүлкіне залал келтірілген 289 кәсіпкерге залалды өтеу бойынша кеңес берілді.

Бүгін түстен кейін арнайы мамандар әр тұрғынның үйіне барып, кезең-кезеңімен техникалық зерделеу және бағалау қорытындысымен таныстырады.

Өзгелердің жаңалығы