Су тасқыны. Жібек жолы ауылында көмек қолы жетіспей жатқаны рас па?

11 Сәуір 2024, 15:31
1230
Бөлісу:
Су тасқыны. Жібек жолы ауылында көмек қолы жетіспей жатқаны рас па?
Фото: Ақмола облысының әкімдігі

Жібек жолы ауылында су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасып жатыр. Жібек жолы ауылы 6-шағын ауданында жалпы ұзындығы 5,5 км жаңа қорғаныш үйіндісін нығайту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақмола облысы әкімдігінің мәліметінше, құм салынған 56 мың қап төселді.

Еріген қар суының өтуінен қорғау мақсатында жалпы ұзындығы 3 км қосымша қорғаныш үйіндісі тұрғызылды.

Қорғаныш үйіндісін биіктетіп нығайту үшін инертті материалды жеткізетін инженерлік техниканың өткізу үшін жолдарды инертті материалмен толтыру жалғасуда.

Қазіргі уақытта барлығы 150 адам және 48 бірлік техника жұмылдырылды.

Сондай-ақ су тасқынына қарсы жұмыстарда еңбек ресурстарының жетіспеушілігі туралы ақпарат жалған болып табылады. Бүгінде су тасқынына қарсы күресте 48 бірлік ірі техника, ТЖБ, ЖАО құрамынан 150 адам, еріктілер, Жібек жолы ауылының тұрғындары жұмылдырылды. Осыған байланысты жұмыстың осы кезеңінде еңбек ресурстары толық көлемде жеткілікті екенін хабарлаймыз. Қосымша көмек қажет болған жағдайда Жібек жолы ауылының ресми тұлғалары мен белсенділері арқылы тиісті хабарландыру жасалады. Бүгінгі таңда жағдай бақылауда, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы