Су тасқыны. Жайық өзені қоқыстан тазартылып жатыр

4 Маусым 2024, 18:26
353
Бөлісу:
Су тасқыны. Жайық өзені қоқыстан тазартылып жатыр
VIDEO

Жайық өзеніне ағыспен келген ағаштар мен қоқыс қалдықтары тазаланып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Атырау өңіріне су басу қаупі төніп, Жайық өзеніне жеткен су, сынған ағаштар мен әртүрлі қалдықтар әкелді. Жайықтағы тазалау жұмыстары жөнінде "СпецАвтоБаза" ЖШС басқарма басшысы жасалынып жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Биылғы жылдың 27 мамырынан бастап Жайық жағалауын ағыспен келген ағаштардан тазарту жұмыстары басталды. Қазір теміржол көпірі мен "Тұрғын үй" қалашығы көпірі аралығындағы тазалық жұмыстары жүруде. Қазір бір жауапты бригада басшысы және екі қызметкер катермен тазалау жұмыстарын жүргізуде. Жұмысшылар катермен жүріп жұмыс жасауда. Сонымен қатар әртүрлі техникалар: жүк тиегіш, манипулятор бар. Ағыспен келген алынбайтын ағаштарды Жайық бойына жіберуде, - деді "СпецАвтоБаза" мекемесінің оң жағалау бойынша тазалау басқармасының басшысы Күланда Ажығалиева.

Өзгелердің жаңалығы