Жангелді ауданындағы электр бағандарын жөндеуге 800 млн теңге кетуі мүмкін

2 Мамыр 2024, 11:35
302
Бөлісу:
Жангелді ауданындағы электр бағандарын жөндеуге 800 млн теңге кетуі мүмкін
Фото: pixabay.com

Бұл туралы Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Сенат отырысынан кейінгі брифингте БАҚ өкілінің сұрағына жауабында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Вице-министр су тасқыны салдарынан бүлінген барлық бағандарды қалпына келтіруге бюджеттен қосымша қаражат бөлінбейтінін атады. Оны электр желілері компаниясы өз мойнына алып отыр.

Тек Қостанай облысындағы Жангелді ауданында құлаған бағандарға төтенше жағдай бойынша есеп жасалып жатыр. Сол есепке мүмкін төтенше жағдай жанындағы бюджеттен қосымша қаражат бөлінеді. Оны осы аптаның аяғына дейін нақтылаймыз. Қалған өңірлерде ешқандай бюджет шығыны болмайды. Электр желілері компаниясы бәрін өз қаражатынан жөндейді, - деді Есімханов.

Энергетика вице-министрі Жангелді ауданындағы электр бағандарын жөндеуге бюджеттен қанша қаражат кетуі мүмкін екенін айтты.

Бүгінгі алдын ала санауымыз бойынша, 800 млн теңгеге жуық болып тұр. Бірақ ол жақта да бизнес саласы көмектесіп жатыр ғой. Тиісті жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бірақ қосымша керек болса, сондай көлемде қаражат бөлінуі мүмкін, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы