Бұл туралы ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Зардап шеккен өңірлерге 1 мың тонна гуманитарлық көмек жеткізілді. Атырау облысының Құлсары қаласын азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік материалдық резервтен 264 тонна азық-түлік броньнан шығарылды. Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында су тасқынын жоюға жұмылдырылған әскери қызметшілер үшін қосымша 92 тонна азық-түлік өнімдерін броньнан шығарылады, - деп атап өтті спикер.
Айтуынша, бірнеше өңірде су тасқынын жою үшін қажетті жабдықтар броньнан шығарылады.
Сонымен қатар 8 облыстағы су тасқынын жою үшін мемлекеттік материалдық резервтен арнайы және инженерлік техникалар, төсек-орын жабдықтары, далалық ас үйлер, наубайханалар, шатырлар броньнан алынады, - деп атап өтті ведомство өкілі.