Төтенше жағдай вице-министрі Бауыржан Сыздықов су тасқынынан ешқандай азамат қайтыс болмағанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
БАҚ өкілі вице-министрге "Су тасқынынан ресми түрде қанша адам қайтыс болды?", "Қанша адам іс-түссіз жоғалды?" деп сұрақ қойды.
Су тасқыны салдарынан қайтыс болған адамдар жоқ. Алайда су көтерілген кезде яғни Атырау және Абай облыстарында тіркелген жағдайлар бар. Қазір онымен Ішкі істер министрлігі айналысып жатыр. Ол туралы алдын ала шешім шығарып айту ерте. Ішкі істер министрлігі өз жауабын береді, - деді Бауыржан Сыздықов.