Су тасқыны студенттердің сабағына қалай әсер етті

9 Сәуір 2024, 15:16
573
Бөлісу:
Су тасқыны студенттердің сабағына қалай әсер етті
Фото: pixabay.com

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов ОКҚ-да су тасқынына қарсы кезеңде жоғары оқу орындарында оқу процесі қалай ұйымдастырылғаны жайлы баяндап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Төтенше жағдай болған өңірлерде орналасқан жоғары оқу орындарын су алған жоқ. Залал келіп, қирау қауіпі болған жоқ. Министрлік барлық оқу орнынан студенттерді қауіпті аймақтарға жібермеу туралы тапсырма берді, - деді вице-министр брифингте.

Оның сөзінше, министрлік су тасқыны жүріп жатқан өңірлердегі университеттердің күнделікті мониторингін жүргізіп жатыр.

Жоғары оқу орындарында жұмыс және оқу штаттық режимде жүргізіліп жатыр. Онлайн оқытуға қазір төтенше жағдай режиміне байланысты тек Х.Досмұхамедова атындағы Атырау университеті ғана көшкен. Қазіргі уақытта бұл университет 8 сәуірден бастап жағдай түзелгенге дейін онлайн форматта оқиды. Университет студенттерінің контингенті 8 мың адам, - деп айтты Талғат Ешенқұлов.

Министрліктің мәліметінше, басқа қалалардан келген студенттерге тұрғылықты жерінде тұруға уақытша рұқсат етілді.

Өзгелердің жаңалығы