Су тасқыны. СҚО тұрғындары жаңа үйлеріне қоныстанып жатыр

Бүгiн, 18:30
137
Бөлісу:
Су тасқыны. СҚО тұрғындары жаңа үйлеріне қоныстанып жатыр
Фото: СҚО әкімдігінің ресми сайты

Су тасқынынан зардап шеккен Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары жаңа үйлердің кілтін алып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

8 жыл бұрын Светлана Мащанская Подгора шағын ауданынан үй сатып алған еді. Жұбайымен бірге тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізген болатын. Қабырғалар, еден мен төбе толығымен ауыстырылды, жаңа терезелер қойылды, үйге су өткізілді. Үй ауласында монша да салынған. Басқа да жапсарас құрылыс жасауды жоспарланған еді. Бірақ көктемгі су тасқыны барлық жоспарларды бұзды. 

Су тасқыны. СҚО тұрғындары жаңа үйлеріне қоныстанып жатыр

Тасқын су 13 сәуірде келді. Светлананың отбасы өздерімен бірге тек теледидарды ғана алып үлгерді. Жиһаз бен қалған техниканы құтқару мүмкін болмады. Екі ай бойы отбасы туыстарында тұрып келді. 5 шілде күні «Бірлік» шағын ауданындағы жаңа үйдің кілтін алды. 

Екі апта бұрын олар жаңа үйлеріне қоныстанды, қазір таңда үйді жабдықтауды жалғастыруда.

Өзгелердің жаңалығы