Су тасқыны. СҚО-ға көмекке келген түркістандық құтқарушы қайтыс болды

4 Сәуір 2024, 13:30
2328
Бөлісу:
Су тасқыны. СҚО-ға көмекке келген түркістандық құтқарушы қайтыс болды
VIDEO
Фото: instagram.com/soltustikqaz_tjd

Бекжан Балданов 2 сәуірге қараған түні СҚО Тайынша аудандық ауруханасының реанимация бөлімінде қайтыс болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы СҚО ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті.

2024 жылғы 2 сәуірге қараған түні Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Тайынша аудандық аурухананың реанимация бөлімінде 1978 жылы туған, Түркістан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі қызметкері, Сайран ауданының № 6 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау прапорщигі Бекжан Қуанышұлы Балданов қайтыс болды.

Бекжан Балданов Тайынша қаласына 1 сәуірде Түркістан облысының күштері мен құралдары тобының құрамында су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге көмек көрсету үшін келген. 1 сәуір күні кешке өзін нашар сезініп жатқанына шағымданып, ауруханаға түсті. Ол Петропавл қаласына санавиация көмегімен ауруханаға жатуға дайындалды. Төтенше жағдайлар министрлігі, Төтенше жағдайлар департаменті және Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі командирдің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына, әріптестеріне көңіл айтады, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы