Су тасқыны: Салықтар бойынша төлемдер кейінге қалдырылады

17 Сәуір 2024, 15:57
528
Бөлісу:
Су тасқыны: Салықтар бойынша төлемдер кейінге қалдырылады
Фото: Артём Чурсинов - архив

Су тасқынынан зардап шеккен адамдарға барлық салық бойынша төлемдер кейінге қалдырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов мәлімдеді.

Әкімдіктер зардап шеккендердің тізіміне енгізген салық төлеушілер үшін 2024 жылғы 1 шілдеге дейін, бірінші, төлеу мерзімі 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейінгі кезеңде басталатын, барлық салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша төлеуді кейінге қалдыру ұсынылды. Екінші: 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейінгі кезеңде басталатын салық есептілігін тапсыру мерзімдерін ауыстыру. Үшінші: мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету және салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдауды тоқта тұру. Төртінші: орындау мерзімі 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейінгі кезеңде басталатын, камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімін ұзарту көзделген, - деді спикер.

Сонымен қатар су апатынан зардап шеккен адамдарға қатысты жаңадан салықтық тексеруді тоқтата тұру және тағайындау көзделген. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемелері бойынша 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 2024 жылғы 1 шілдеге дейін өсімпұл есептемеу көзделген.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Өзгелердің жаңалығы