"ҚазАвтоЖол" ҰК республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқыны туралы жаңартылған ақпаратты ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Компания таратқан ақпаратқа сәйкес 6 облыста су тасқыны салдарынан жолдарды су шайды.
2024 жылғы 1 сәуірдегі сағат 09:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 6 облыста 7 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 1380 метр болатын су тасқыны орын алды. 5 облыста республикалық маңызы бар 6 автомобиль жолдарында (ұзындығы 410 км) қозғалысқа шектеу қойылды, - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда республикалық жолдарда 378 бірлік техника мен 686 адам жұмылдырылған.