Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқыны туралы жаңартылған ақпарат жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2024 жылғы 10 сәуірдегі сағат 09:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 4 облыста (Ақмола, СҚО, Атырау, Қостанай) 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 3655 метр болатын су тасқыны орын алды. 6 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 14 автомобиль жолында (ұзындығы 626 км) қозғалысқа шектеу қойылды, - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда республикалық жолдарда 365 бірлік техника мен 701 адам жұмылдырылған.