"Қазақстан халқына" ҚҚ БҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге арнап 114 үй және СҚО-да 100 үй салады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» баспасөз қызметі мәлім етті.
Тиісті меморандумдарға қол қойылды.
Сондай-ақ, Қостанай, Ақтөбе және Ақмола облыстарында құрылыс үшін ауылдар мен аумақтар анықталып, тиісті меморандумдарға қол қойылады. Бұған дейін Қордың Қамқоршылық кеңесі ел бойынша үйлердің құрылысына 10 млрд теңге бөлу туралы шешімді бекіткен болатын. Қосымша, бұл мақсатқа 1-30 сәуір аралығында жиналған ерікті қайырымдылықтардан түскен қаражат бағытталады. 24 сәуірдегі көрсеткіш бойынша қордың шоттарына 2,9 млрд теңге түсті, - делінген хабарламада.