Су тасқыны: Павлодар облысында азаматтарға 370 мың теңгеден беріледі

8 Сәуір 2024, 14:31
1360
Бөлісу:
Су тасқыны: Павлодар облысында азаматтарға 370 мың теңгеден беріледі
Фото: Арман Мухатов - архив

Павлодар облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға 370 мың теңгеден өтемақы беріледі. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов ОКҚ-да мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Су тасқыны салдарынан үйлері зардап шеккен барлық ауыл тұрғындарына жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр. Арнайы комиссия келтірілген шығынды анықтап жатыр. Оның соңғы қорытындысы 10 сәуірге дейін шығады. Нәтижесі бойынша зардап шеккен үй иелеріне бюджеттен тыс қаражат есебінен өтемақы төленеді, - деп айтты облыс әкімі брифингте.

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов су тасқыны кезінде үйлері зардап шеккен барлық тұрғынға жан-жақты көмек көрсетіліп жатқанын тағы да еске салды.

Облыстың өзге аудандарында су тасқынынан мүлкі зардап шеккен тағы 71 адамға бюджеттен тыс қорлардан 38 миллион теңге көлемінде төлем жасалды. Сондай-ақ осы аптада зардап шеккендерге 100 АЕК-ке (369 200 теңге) дейінгі мөлшерде біржолғы мемлекеттік әлеуметтік төлем төленеді, - деп түсіндірді әкім.

Өзгелердің жаңалығы