Су тасқыны. Ойыл ауданында 13 отбасы үйлі болды

27 Мамыр 2024, 19:15
312
Бөлісу:
Су тасқыны. Ойыл ауданында 13 отбасы үйлі болды
VIDEO

Көктемгі су тасқыны кезінде Ойыл ауданының Қаратал, Екпетал ауылдары зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұрғындардың үйлері суға кетті, кейбірінікі тұруға жарамсыз болып қалды. Жергілікті билік тарапынан оларға таңдау берілді. Бірі – Ойыл ауданы орталығынан дайын тұрғын үй сатып алу, екіншісі – тұрғылықты мекенжайдан жаңа тұрғын үй салып беру. Ауыл тұрғындарының таңдауы бойынша алғашқы 13 отбасы аудан орталығынан дайын тұрғын үй сатып алынды. Оның ішінде Қаратал ауылында – 4 отбасы, Екпетал ауылында – 9 отбасыға үй берілді. Ербол Рзин мен Салтанат Рзина – Екпетал ауылының тұрғыны, Ойыл ауылынан баспаналы болған алғашқы отбасылардың бірі.

Бұл үйді таңдаған себебіміз, біріншіден, аудан орталығында орналасқан. Екіншіден, барлық жабдықпен қамтылған. Екі жаз үйі бар, ауласы кең. Мектеп, балабақша жақын. Жаңа баспана алғанымызға қуаныштымыз. Осы жұмысқа атсалысқан барша жауапты тұлғаларға алғыс айтамыз, – дейді Салтанат Рзина.

Айтып өткен жөн, облыста табиғи апаттан жапа шеккендерді қолдау шаралары жалғасып жатыр. Төтенше жағдай жарияланған

6 ауданда баспана салу ісі қарқынды. Материалдық шығынды есептейтін комиссия шешімі негізінде, барлық су тасқынынан зардап шеккендерге әлеуметтік төлемдер төленуде, үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржы бөлінуде, мал шығыны өтелуде.

Өзгелердің жаңалығы