Үкімет басшысы Олжас Бектенов осы аптаның соңына дейін су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген залалды бағалау жұмыстарын аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оқи отырыңыз:
Әкімдіктерге Өнеркәсіп министрлігімен бірге тұрғындардың баспаналары мен мүліктеріне келтірілген залалды бағалау жұмыстарын осы аптаның соңына дейін аяқтауды тапсырамын. Азаматтарымыздың қиын жағдайына түсіністікпен және жан-жақты мұқият қараңыздар. Жұмыстарды кешіктірмей, барынша тездету керек, — деді Үкімет басшысы Олжас Бектенов.
Еске салайық, осыған дейін вице-премеьер Қанат Бозымбаев су тасқынынан бүлінген 9 мың үй қалпына келтірілетінін айтқан еді.