Су тасқыны: Еріктілер кезекшілікпен жұмыс жасап жатыр

11 Сәуір 2024, 12:18
430
Бөлісу:
Су тасқыны: Еріктілер кезекшілікпен жұмыс жасап жатыр
Фото: скриншот

Орталық коммуникациялар алаңындағы брифингке тікелей эфирге қосылған еріктілер Ақтөбе мен Атырау қаласындағы жағдай туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Атырау облысы еріктілері фронт офисінің басшысы Ақбөбек Тәттібекқызы волонтерлер кезекшілік қызметпен бөлініп жұмыс жасалып жатқанын айтты.

Атырау облысында су тасқынының алдын алу мақсатында Атырау волонтерлер штабы құрылды. Волонтерлер суға кеткен ауданның тұрғындарын Атырау қаласына эвакуциялау бойынша автоволонтерлер, жағадағы бөгеттерді бекіту жұмыстары, гуманитарлық көмек келген пункттерде сұрыптау жұмыстары бойынша бірнеше қызмет атқаруда. Қазіргі таңда әр бағыттағы волонтерлер кезекшілік қызметпен бөлініп жұмыс жасап жатыр. Сондай-ақ өңірдегі кәсіпкерлердің қолдауымен түскі ас, көмек қажет жерге жөнелту үшін арнайы автобустар бөлінді. Атырау облысында ТЖ табиғи сипатта жарияланғаннан бастап 10000-ға жуық волонтер қызмет етуде және басқа да облыстың волонтерлерінің қолдауымен облысқа гуманитарлық көмекпен қатар волонтерлер де өз көмектерін көрсетуге келуде, - деді ол.

Ал Ақтөбе облысындағы еріктілер жұмысы туралы Мейірхан Ермағанбетов мәлім етті.

Бүгінгі күні Ақтөбе қаласында "Анаға тағзым" орталығында гуманитарлық көмек жинау тәулік бойы жұмыс істейді. Еріктілер заттар мен өнімдерді жинау пункттерінен эвакопункттерге тәулік бойы тасымалдауға көмектеседі. 7 сәуірде Қызылорда облысының еріктілерінен және Астана қаласының Аmanat партиясынан гуманитарлық көмек түсті. Қазіргі уақытта облыстың эвакуациялық пункттері мен аудандары бойынша сұрыптау және бөлу жүргізілуде. Айта кету керек, қазіргі уақытта гуманитарлық көмек ретінде біздің өңірге мынадай заттар қажет: Құрылыс материалдары, құрылыс құрғақ қоспалары және т.б. Сондай-ақ 6 сәуірде Ақтөбе қаласының кәсіпкерлері қала әкімдігімен бірлесіп эвакуациялық пункттерде орналасқан отбасылардан шыққан 150 балаға қайырымдылық мерекесін ұйымдастырды. Олар үшін "Локомотив" кинотеатрында мультфильмнің тегін көрсетілімі ұйымдастырылды, сондай-ақ сусындар, попкорн және аспаздық өнімдер ұсынылды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы