Су тасқыны. Ел бойынша қанша төрт түлік суға кетті

10 Мамыр 2024, 12:24
558
Бөлісу:
Су тасқыны. Ел бойынша қанша төрт түлік суға кетті
Фото: Артём Чурсинов - архив

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров су тасқынынан қанша мал қырылғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ өкілі министрге "Бүгінгі таңда тасқын болған өңірлерде қанша төрт түлік суға кетті? Мал шығынын қалай есептеп жатырсыздар? Әр бас малды тұрғындар қалай дәлелдейді?" деп сұрақ қойды.

Айдарбек Сапаров азаматтар мал басы туралы әртүрлі ақпарат беріп жатқанын айтты.

Негізі штаб құрылған, онда бүкіл жұмыс жүріп жатыр... Бүгінде 138 мың 800 бас малды (еск - су тасқынынан) аман алып шықтық. Бұл – үлкен жұмыс. Халық, ветеринарлар, ТЖМ барлығы бірігіп, осы жұмысты істеді. Өлген малдың саны – 9 761. Оның 98 пайызына утилизация жасалды. Жалпы мал шығынын өтеуге тоқталайын. Штабта алгоритм бар. Малына құжаты болса, бюджеттен төленеді. Енді малға құжат болмаса, тіркелмесе, (шығын) қор немесе демеушілер арқылы өтеледі. Бұл жұмыс жүріп жатыр. Бүгінгі таңда 4801 бас малдың шығыны өтелді, яғни 1 млрд 198 млн теңге төленді. Бұл жұмыс жалғасады, - деді Сапаров үкімет баспасөз қызметінде өткен брифингте.

Айта кетейік, Үкімет отырысы барысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев су тасқынынан қанша өңір жарықсыз қалғанын айтып берді.

Өзгелердің жаңалығы