Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов тағы бір топ депутат су алып жатқан өңірлерге барып, халықпен бірге болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мәжіліс спикері бұл туралы палатаның жалпы отырысында айтты.
Депутаттарымыз су алған бірқатар өңірге барып, халықпен бірге болып, жұмыс істеп келді. Нақты көмектерін көрсетіп келді. Менің ойымша, осы жерде (Мәжілісте – ред.) отырып әңгіме айту емес, осындай жұмыс керек. Пленарлық отырыс біткеннен кейін тағы да бір топ су алып жатқан өңірлерге шығады, - деді Қошанов.
Қошанов депутаттар елмен бірге болатынын айтты.