Су тасқыны бойынша 88 мыңға жуық адам эвакуацияланды

9 Сәуір 2024, 16:16
268
Бөлісу:
Су тасқыны бойынша 88 мыңға жуық адам эвакуацияланды
Фото: скриншот

Азаматты қорғау қызметтерімен 30 мыңға жуық бала құтқарылып, эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш мәлімдеді.

Қазіргі уақытта уақытша орналастыру пункттерінде 7 мыңнан астам адам, оның ішінде 3 700 бала орналастырылған. 4801 адам өз үйлеріне оралды. 82 315 ауылшаруашылық жануарлары қауіпсіз жерге айдалды, - деді Ерасыл Сайпаш.

Сондай-ақ өңірлерде авариялық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Қазіргі жағдай бойынша 23 мыңнан астам адам және 2500-ге жуық бірлік техника, 448 су сору және 131 суда жүзу техникалары мен 6 әуе кемесі жұмылдырылды. Соңғы тәулікте жеке құрамның 525 адамы мен 100-ге жуық техникасы жұмыс істеп жатыр. ТЖМ күштері мен құралдары Алматы қаласынан, Қарағанды, Павлодар және Ұлытау облысынан, сондай-ақ Астана қаласындағы Қорғаныс министрлігінің 58665 әскери бөлімін Солтүстік Қазақстан облысына жіберілді, - деді спикер.

Ерасыл Сайпаш сорылған қар суының да көлемін айтты.

ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен 8 млн млн-нан астам текше метр еріген қар суы сорылды, 1,2 млн қапшық және 1 млн тонна инертті материал төселді, - деді Ерасыл Сайпаш.

Ерасыл Сайпаштың айтуынша, Ақтөбе облысы мен Қостанай қаласына Қырғыз Республикасынан гуманитарлық көмек жеткен. Қалған фуралар Атырау және Батыс Қазақстан облыстарына бара жатыр. Бастамашыл гуманитарлық жүкті Қырғыз Республикасының ТЖ вице-министрі Урматбек Шамырқанов алып жүреді.

Өзгелердің жаңалығы