Су тасқыны болған өңірлерде ҰБТ қашан өтеді

16 Мамыр 2024, 11:50
806
Бөлісу:
Су тасқыны болған өңірлерде ҰБТ қашан өтеді
Фото: pixabay.com

ОКҚ алаңында өткен брифингте Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының директоры Болатбек Абдрасилов негізгі ҰБТ-2024 жайлы баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін ҰБТ басталды. Бұл тестілеу 14 аймақта жүріп жатыр. Су тасқыны болған өңірлерде ҰБТ 25 мамырдан басталады. Мамыр, маусым және шілде айларында болатын тестілеуге қатысуға үміткерлердің екі мүмкіндігі бар, - деді орталық басшысы.

Оның сөзінше, қазіргі таңда ҰБТ-ға қатысуға 330 мыңға жуық өтініш түскен.

181 мың талапкер тестілеуге қатысуға өтініш берді.

Болатбек Абдрасилов атап өткендей, ҰБТ жылына 5 рет өткізіледі. 3 рет ақылы негізде. Биыл қаңтар, наурызда өтті.

Оларға талапкерлер өте белсенді қатысты. Енді қазір негізгі ҰБТ-да талапкерлер грант конкурсына қатысуға мүмкіндік алады. Сол себепті жауапкершілік өте үлкен, - деп айтты Ұлттық тестілеу орталығының директоры.

Өзгелердің жаңалығы