Су тасқыны басталғалы бері ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері 800-ге жуық адамға медециналық көмек көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.
Қазіргі уақытта Апаттар медицинасы орталығының 7 бригадасы Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының тұрғындарына көмек көрсетуде, сондай-ақ ТЖМ психологтары эвакуациялық пункттерде азаматтармен жұмыс жүргізуде, - делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, жедел желі телефонына 2 258 қоңырау түсті.