Су тасқыны: ауылдарда жағдай тұрақталып келеді

4 Сәуір 2024, 14:18
326
Бөлісу:
Су тасқыны: ауылдарда жағдай тұрақталып келеді
Фото: ТЖМ

Павлодар облысында су басы қаупі төнген ауылдарда жағдай тұрақталып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ  тілшісі.

Жедел штабтың соңғы мәліметі бойынша өңірде республикалық маңыздағы бір және облыстық маңыздағы үш жол учаскесі бақылауға алынған. Сонымен қатар, Ақтоғай, Ертіс, Шарбақты және Тереңкөл аудандарына қарасты елді мекен ішіндегі жеті аумақта су тасқынына қарсы шаралар жүргізіліп келеді.

Облыстық ТЖД Дағдарыс жағдайлары басқармасының бастығы Асқарбек Омаровтың айтуынша, қардың қарқынды еруі мен жаңбырдың жаууына байланысты сегіз үй су астында қалып отыр.

Ақтоғай ауданының Жалаулы ауылында жағдай тұрақтылды. Кешенді күрес шаралары аясында қарғын суды жинауға арналған қазандықтар қазылды. Су арнасын сайға бұру үшін траншеялар жасалды. Ал Ертіс аудынының Ұзынсу ауылында су тасқынына қарсы жұмыстар тоқталған жоқ. Әзірге тұрғын үйлерді су басы қаупі тұр. Бұл бағыттағы жұмыстарға он техника құралы мен төтенше жағдайлар қызметінің 30-ға жуық маманы жұмылдырылды. Бұған дейін Ұзынсу ауылынан аудан орталығына тоғыз адам эвакуацияланды. Олар туыстарының үйін паналап отыр, - дейді Асқарбек Омаров.

Ауыл халқы қауіпсіз жағдайда. Олар ауызсу, дәрі-дәрмек, азық-түлікпен қамтылды. Электр желісі кідіріссіз жұмыс істеп тұр. Су тасқынына қарсы жұмыстарына жергілікті тұрғындар да атсылысып жатыр. Ауыл азаматтары жергілікті атқарушы органдар мен төтеншеліктеріне көмек көрсетуде.

Айта кетейік, өңірде су басу қаупі бар ауыл тұрғындарына арналған эвакуациялық пункттер ашылды. Әзірге бірде бір тұрғын орналастырылған жоқ. Зардап шеккен азаматтарға гуманитарлық көмек жинау орны жұмыс істеп тұр. Қажетті заттар жастар бастамаларын қолдау орталығында жиналуда.

Өзгелердің жаңалығы