Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы және құрғатылған үйлер мен аумақтарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ сілтеме жасап.
Өткен тәулікте Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында қалған су басқан 9 аула аумағынан және төменгі жақтағы учаскелерден су сору жұмыстары жалғастырылуда. 78 030 текше метр су сорылды.
Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласында, Индер ауданының Индербор кентінде су басқан аумақтардан 36 444 текше метр су сорылды. Бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғастырылуда. Жайық өзенінің су деңгейіне мониторинг жүргізілуде.
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында 1 950 қапшық және 150 инертті материал төселді. Бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғастырылуда.
Ақмола облысы Целиноград ауданының Қоянды ауылында жаңбыр суы басқан 9 аула аумағынан, көшелер мен жолдың жүретін бөлігінен су сору жұмыстары жалғастырылуда. Өткен тәулікте екі аула аумағынан судың бағыты бұрылды. 5 640 текше метр су сорылды.
Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында қуатты жылжымалы сорғы станцияларының көмегімен саяжай үйлерінен еріген қар суын сору жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде. Өткен тәулікте 191 675 текше метр су сорылды.
Республика бойынша эвакуацияланған 63 032 адам өз үйлеріне оралды. 5 193 адам уақытша орналасу пункттерінде қалуда. 27,5 млн артық еріген қар суы су сорылды, 8,1 млн артық қапшық және 1,5 млн тонна инертті материал төселді.
Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 4 141 адам, 660 техника, 250 су сору құралы және 55 жүзу құралы, 4 әуе кемесі жұмылдырылды.