Су тасқыны. Атырауға үш облыстан 195 техника жұмылдырылды

Атырау қаласында су тасқынына қарсы іс-шараларға еліміздің басқа облыстарынан техника тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 скрин 17 Сәуір 2024 2024, 09:30
17 Сәуір 2024 2024, 09:30
928
Фото: скрин

Атырау қаласында су тасқынына қарсы іс-шараларға еліміздің басқа облыстарынан техника тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бөгеттерді нығайту, қорғаныс үйінділерін салу және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарға Қазақстанның үш облысынан 195 техника жұмылдырылған.

Облысқа жергілікті техникадан бөлек арнайы техникалар келді:

- Маңғыстау облысынан – 17,
- Оңтүстік Қазақстан облысынан – 123,
- Жамбылдан - 55.

17 сәуір сағат 9:00-дегі жағдай бойынша Ириклин су қоймасында "345" текше м/с жіберілуде, ағысы "436", "99%" толып тұр.

Жайық өзенінің деңгейі (Орынбор қ.) "1109" см, Сакмара ағынының деңгейі "835" см.

Наверх