Су тасқыны. Атыраудың эвакуациялық пункттерінде адам қалмады

Атырауда эвакуациялық пункттердегі тұрғындар толықтай үйлеріне оралды, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

 Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы 10 Маусым 2024 2024, 11:11
10 Маусым 2024 2024, 11:11
764
Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Атырауда эвакуациялық пункттердегі тұрғындар толықтай үйлеріне оралды, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Х.Досмұхамедов атындағы АтМУ жатақханасы мен APEC жоғары колледжінің базасындағы эвакуациялық пункттерінде орналасқан тұрғындар 7 маусым күні толықтай өз үйлеріне оралды.

Атырау қаласы бойынша барлығы 94 эвакуациялық пунктте тұрғындарға 10 250 орын дайындалды. 

Өткен жұмада екі эвакуациялық пунктке орналастырылған Талдыкөл ауылының 180 тұрғыны үйлеріне оралды. 

Қазір Атырау қаласында эвакуацияланған адамдар қалмады, - деп нақтылады Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы.

Наверх