Су тасқыны. Атыраудың екі ауылында Жайықтың суы шекті деңгейден асып кетті

13 Мамыр 2024, 20:35
970
Бөлісу:
Су тасқыны. Атыраудың екі ауылында Жайықтың суы шекті деңгейден асып кетті
Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Атырау облысындағы Жайық өзеніндегі су деңгейі бойынша жедел мәлімет таратылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Жайық өзеніндегі су деңгейінің 2024 жылғы 13 мамырда сағат 20.00-ге өзгеруі келесідей болды:

⁃ Индербор ауылы + 3 см, су деңгейі - 1041 см, шекті деңгейі - 845 см; 

⁃ Махамбет ауылы + 7 см, су деңгейі - 973 см, шекті деңгейі-  850 см; 

⁃ Атырау қаласы + 3 см, су деңгейі - 548 см, шекті деңгейі - 550 см; 

⁃ Жаңаталап ауылы + 2 см, су деңгейі - 393 см, сыни деңгейі - 500 см; 

- Еркінқала ауылы + 2 см, су деңгейі - 353 см, шекті деңгейі - 450 см.

Өзгелердің жаңалығы