Бұл сауалға Атырау облысы Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Орынтай Биманова жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.
Өңірдегі ТЖ байланысты Атырау облысы Махамбет ауданындағы «Арай» лагерін маусым айының 25-не дейін ашу жоспарлануда. Ал, Индер ауданындағы «Жасөркен» лагері «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өткізіледі, - дейді спикер.
Жалпы облыс бойынша мектеп жанынан құрылған тамақтандыру және тамақтандырусыз 146 лагерь 10 маусымға дейін өз жұмысын бастайды.