Су тасқыны. Атырау қаласында 94 эвакопункт дайын тұр

Тасқын қауіпі төнген жағдайда қала тұрғындарын қауіпсіз аймақтарға көшіру мақсатында дайындалған эвакуациялық пункттардың сыйымдылығы - 10 250 орын, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы 20 Мамыр 2024 2024, 10:53
20 Мамыр 2024 2024, 10:53
785
Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Тасқын қауіпі төнген жағдайда қала тұрғындарын қауіпсіз аймақтарға көшіру мақсатында дайындалған эвакуациялық пункттардың сыйымдылығы  - 10 250 орын, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазір эвакуациялық пункттардың барлығына төсек-жабдық, кереуеттер жеткізіліп қойылды. Төтенше ахуал орын ала қалған жағдайда қала бойынша белгіленген эвакопункттар тұрғындарды кедергісіз қабылдай алады.

Эвакуациялық пункттардың мекенжайымен 2gis.kz қосымшасы арқылы танысуға болады.

Наверх